Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
145
Қамшы берді
Көкжелек мал түледі мамырлады,
Көк тасқа көктал шығып тамырлады.
Шеттеп жүр ауыл-үйден көктем шыға
Көк өгіз, кер бұқаның табындары.
Кірпігі көк сүңгідей қазан аттың
Жанарын жарқыратты тазалап күн
Жүйрік ат, сұлу қатын, іңкар көңіл
Жалғанда жан сусары азаматтың
Ал қара, шымқай қара, ал қара көк.
Таңдап мін, қалауыңды бар бала деп.
Күміс жал, күлгін тұяқ, үйір жылқы
Мін дағы бұлағайды сал бала деп.
Ағамыз қамшы берді, жүген берді,
Жөнелдім күмбірлетіп күрең белді.
Қыз емес бір ауылдан қызыр көрдім,
Содан соң сүргін келді, сүрең келді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter