Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  132


Автор: Сабыр Адай

Енді қалай оңасың?

Бəз баяғы сорлы тірлік сол ара,
Көнбегендер көрге кетті, молада.
Алдануға арланбайтын халыққа
Шындық айтып шырылдауға бола ма?!
Сойып жесін, іреп жесін, тонасын,
Ішсін қанын, көз жасының сорасын.
Жемқорлар жүр жең ұшынан байласқан
Əкесінің сатып жемек моласын.
(Қайран елім енді қалай оңасың?!..)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу