Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
141

Ала қап пен қара бақ
Жігітім құлысың ғой ала қаптың.
Маңдайын қан мен жуған қанағаттың.
Қара жер – қара ноқат шексіз көкте,
Сасыған сандығындай жаманаттың.
Қарғадан неңіз артық қара бақ күн.
Қанатын қарқылдайды сабалап түн.
Құдайға қарайтындай бетің бар ма!?..
Ындынның кер төбетін абалаттың.
Ібілістің ізінен еріп жүріп,
Шайтанның алақанын жаламақсың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇