Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
334
Қандастарға
Ежелден туыс тінің бар,
Ағаң бар, аппақ інің бар.
Қаралы күні бас сүйер
Қандастан басқа кімің бар!?
Олар да жалғыз ол жерде,
Біздер де жалғыз бұл жерде.
Жалғыздың құны көк тиын,
Жауларың жатса іргеңде.
Итерген бізді орға кім!?
Батырған басып сорға кім!?
Қазақтың қара баласы,
Құдайдан соңғы қорғаның!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter