Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
148
Сая таппай
Менменсуден көңіліңіз азат па,
Бодан болсаң қалдым дей бер мазаққа.
Ешқашанда таулар жалғыз болмайды,
Жалғыз тауды төбе дейді қазақта.
Көсем болу қайдағы сол жоқтан бар,
Оны көрген кіл жағымпаз от талмар.
Тауқыметтің тартып жүрген соқасын,
Сорлы елді алдамаңдар, тоқтаңдар!..
Қанағаттан күрке жасап жылынған,
Күзгі торғай секілденіп тығылған.
Кетіп жатыр қаракөздер бақиға,
Сая таппай сенің салқын ығыңнан.
* * *
Гүлдер қайда қолын жайып ұмтылды,
Күнді сүйді құлпырды.
Менде жаттым сыбағасын сұлудың,
Есіме алып бір түнгі.
Бүр жарыпты қызыл гүлдер, көк гүлдер,
Көп арманға жеттім дер.
Мен де жаттым қош айтысып арумен,
Ол да енді «кеттім» дер.
Бұлттар көшті гүл тұнжырап бүгілді,
Күн кірпігі ілінді.
Менде жаттым сəл құлазып қайтадан,
Жүрегіме ауыр тиді, білінді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter