Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  115


Автор: Сабыр Адай

Адасу

«Көшпендісің» – деп үйретті,
Негізінен қой баққан.
Халық емес едің дейді ой баққан.
Сосын оны
Өзімізге айттырып,
Жалған тарих тереңіне бойлатқан.
Қалаларды:
Жер жұтыпты шетінен.
Тіл қатпайды ет кессең де етінен.
Біз қалайша
Осы күйге тап болдық,
Түртті қырсық, не түлен!?
Бір тұман бар санамызды қаптаған,
Жау аяусыз таптаған.
«Сен атасы мəдениеттің білсең» – деп,
Бұлттар көшіп бара жатыр қақсаған.
Қалғып кеттік жол үстінде адасып,
Қаңғып кеттік таң асып.
«Осы халық кетпесін» – деп – оянып»,
Сыртымыздан дұшпан отыр бал ашып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу