Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  169


Автор: Сабыр Адай

Кеш

Кеш жасап жатыр бір ақын, бауыздап жырдың лағын,
Босатшы, босат, шырағым.
Ақ киік тағдыр бұла жыр, бұрымы қан-қан өлеңім,
Есімнен кетпес мына мұң.
..Босатшы, босат шырағым?!
Обалын қара қан сиген,көз жасын қара көбеңнің.,
Бақыртып нардай шөгердің.
Араша сұрап өлең тұр, алайын десем некелі,
Ақ төсі ал-дұл өлеңнің.
..Маңырап жатыр көгендім.
Қанатын бүктеп қайырды, қарғадан аққу тумайды,
Көнбейді өлең, тулайды.
Қанымен қашты құла жыр, құлағын жымып құлдырап,
Көрермен, сірə, шулайды.
Жөнелді өлең шығынды, қайыртпай қашты жабыға,
Кең еді аспан бағына.
Жарасын жалап жыр жатыр, жамағат көзі жарбайда,
...Кеш жасағалы жүр тағы да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу