Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  170


Автор: Сабыр Адай

Жолаушыға қырын қарап

Ақ қары, Алатаудың аппақ қары,
Жаныма шипа болған аппақ дəрі.
Шыршасы шыңға құмар мекен еді,
Көз алдымда асқақтады.
Селдетіп ақ жаңбырын нөсерледі,
Қазақтың шүкір, Алла, есен жері.
Жазбасын тыныштық пен берекеттен,
Ай жатып кетер ме еді.
Қызыл гүл еріндері қызыл далап,
Қарағай құлама құз ұзын қабақ.
Қара орман қара көрсе үркеді екен,
Жолаушыға қырын қарап.
* * *
Қаройдың сайы қалың жым,
Мен де бір сенің талыңмын.
Жырымнан уыз қаттырып,
Жылуын бердім жанымның.
Маңғыстау сені қамдадым,
Шарайна шағыл шаңдағым.
Өмірді мынау өткіздім,
Өзіңнен іздеп бар мəнін.
Қабырға бойлап кеңестім,
Бекіре жалды белеспін.
Айдынға шыққан аңғал ем,
Ескегімді сен естің.
Жеңісімді ел сүйіп,
Келемін шемен шер түйіп.
Өзіңді іздеп өттім мен,
Желкенімді жел сүйіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу