Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.05.2022
136
Мен түсіндім
Қабағынан қату күннің сыр аңды,
Қанша өмірді жыр алды.
Бақыт маған көрсеткен-ді төбесін,
Сəлден соң-ақ уақыт тілін шығарды.
Мен түсіндім,
Түсіндім де жыр жаздым.
Қауырсынын ұрлап алып бір қаздың.
Ол байғұс та қаңқылдайды күнде кеп,
Арасынан сұлу менен сырбаздың.
Қаз боп ұшып, қауырсын боп үлпілдеп,
Өлең мені мазалайсыз бір Сіз кеп.
Аспанымды айналады аққу жыр,
Бізбен бірге неге ұшпай жүрсіз деп!?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter