Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.05.2022
160
Үш мұзғалдақ
Көк малта, көк езулі желдің үні.
Сендірмек несіменен ендігіні.
Қайырсыз туған жаннан төрелік жоқ,
Желтоқсан көрт үлектің келді күні.
Жын шашып жылдағысын қайталады,
Қыс қатты қылауынан байқалады.
Есесін жауға алдырған көрт үлектің,
Қай адам шын бағасын айталады.
Желтоқсан ақбас боран алжыған ба,
Тірелді ізі сорға, алды жарға.
Барады қайран жылдар көкпар болып,
Тұяғын бір серіппей қанжығаңда.
(Араша түсетұғын арлы бар ма!?)
Қар жауды есік алды ақ қалашық,
Қалжа жеп қалашыққа жат бал ашып.
Көктеп тұр қар астынан үш мұзғалдақ,
Екінің бірін беріп бақ таласып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter