Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  196


Автор: Сабыр Адай

Қасқажол

Қарасаң биік аспан ол,
Қаралы парақ дастан ол.
Төбесін қасып Түбек тұр,
Қашанғы сүрлеу Қасқажол.
Қасқажол саған таныспыз,
Жақын да болсақ алыспыз.
Қылышты білек, қырғын сай,
Қылша да мойын намыспыз.
Қоғалы қолат мекенің,
Қорғаштап үнсіз кетемін.
Өзі де келіп түртпесе,
Дау-дамайдан шет едім.
Қасқажол маған қарайсың,
Қадамымды санайсың.
Мен кеткем қызыл қан болып,
Жараңды сен де жалайсың.
Екі де бауыр
Егестік..,
Не таптық, содан, қалайсың?!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу