Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  193


Автор: Сабыр Адай

Жүректі жұлып бергенбіз

Бас сүйек көрдім бақаннан, төс сүйек көрдім төрінен,
Ойылған қара көз көрдім, Отырардың көрінен.
Шыңғырып Абай шақырды, айтпағым бар əлі деп,
Шыңғыстаудың өрінен.
Сарайшықта сайғақ тұр, самсаған сары айғақ тұр,
Айға үміт байлап тұр.
Адырнасы мөңіреп, мөлтілдеп жасы еңіреп,
Өзегі оның қайнап тұр.
Қар жамылды Алатау, Жетісу жердің жұмағы,
Көмулі сандық бұл əлі.
Басын ұстап батар күн, Маңғыстауға сүйеніп,
Отпаннан1 от сұрады.
Қалауын тапса қар жағып, сөзге тоқтар елденбіз,
Айналып Сауран2 келгенбіз.
Антқа тұрар ер болса, от дегенің немене,
Жүректі жұлып бергенбіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу