Өлеңдер ✍️
Томирис
Арайы алтын нұрдай Ай қызыл өң,
Ажары асқан Ару «пай,мүсін!» ең(!)-
Аруақты Апатайым - ТомиристейМассагет-Сақ, Дах-Дай қызы екен!
Тәңірім елден ерек шырай берген,
Көркіне көрген жігіт құлай берген.
Көркіне Өрлігі мен Ерлігі сай,
Құдірет пен Құзырет Құдай берген!
Әлқисса, «ол кезде» деп сөз өрейін,
Арқаланып, тілімді безенейін.
Кең Даламды олжадай көріп жүргенЖетесізге жыр-қару кезенейін.
Дала десе бойында құлық берен,
Өзімді өршіл өрен- жігіт көрем.
Өткенді өнеге етіп Бүгінгіге,
Ойланса деп даңғойлар үміттенем.
...Ол кезде Арал-Каспи егіз екен,
Тарих пен тағдыр солай негіздеген.
Аймаққа атышулы көз алартып,
Нешебір дүлейлерің жер іздеген.
Ол кезде қос теңіздің саласы бір,
Саласы бір, ағысы, сағасы бір,
Батыс - Скиф, Шығысың - Сақ атағанҚазақтың қасиетті Даласы бұл!
Бұл күнде ісінгенше болып-толып,
Бағзыны ойланайық шолып көріп.
Сол Даланы уыстан шығармасқа,
Өмірі өтті ерлердің жорық болып.
Жер қорғау – елдің, ердің тұрқы бекем,
Ел мәңгі ата қоныс –жұртыменен.
Қара жұрт –қасиетті ШАҢЫРАҒЫМ,
ҚАЗАҚ деген қастерлі ұлтыменен!
О, Далам, ұлы өмірден ақыл түйем,
Жыр-ұлың толғанады, асыл кием!
Көсілген ніл-дария сахараныБағындырған Бабама басымды ием!
Намысым қайралады қайрақтайын,
Аруақтар құяр бойға айбат дәйім.
Жер үшін қанын төккен бабамды ойлап,
Дөңбекшіп түніменен жай таппаймын.
Жер десе, шақтарым бар қаным қозар,
Кеулейді кейде долы жанымды ызғар...
Ерлермен бірдей ел мен жер қорғағанСанамда жаңғырады Тәңір-қыздар!
Тәңірқыз, әлде Темір, Тұмар қыз ба,
(Есімін екшелеуден ұтармыз ба?!)
Есімін Томирис деп еншілеткен,
Гректің Геродотын сынармыз ба?!
Жо-жо-жоқ, тигізді олар бар қайырын,
Сақтардың хан көтеріп ханшайымын.
Мен-дағы көрейінші бір толғанып,
Сілкінсін орнынан бір патшайымым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter