Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.05.2022
150
Қыжылдақ
..Құлықсыз, құмарлықсыз кесімсіздің
кейпіне енді-ау дәурен есіл, біздің.
Барады батпырауық ойнай-ойнай,
Атсыз жыл, ныспысыз ай, есімсіз күн!
Уай, дәурен, сіздің сертке бойлай да алмай,
бас қойып, бар мен жоқты ойлай да алмай,
Атсыз ой, сойсыз сезім, есімсіз мұң,
барады батпырауық ойнай да алмай!
Сырласу, қасам ішу, тілдесусіз,
кезеңге тап келгенім бір кешусіз...
Барамын батпырауық секілденіп,
дос – атсыз, дұшпан – сойсыз,
құрбы – есімсіз!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter