Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.05.2022
162

Көктемнің күні бар құбылмалы
Көктеменің күнінің құбылуы-ай,
Көк терегі көңілдің жығылуы-ай,
Ерке қыздың ерсілеу қылығын-ай.
Бұлтқа күннің бұйығып тығылуы-ай,
Жүрегімнің кеудемде құмығуы-ай,
Тұншықтырып тындың-ау, құрығыр-ай.
Бұлттан шықса шүйіліп сұғынуы-ай,
Жердегі тоң жылымнан былығуы-ай,
Көз жасымның еріксіз шұбыруы-ай.
Өкпек желдің өкпемнен ұруын-ай,
Тулап кеткен көңілдің тұнығы лай,
Көкіректе сезімнің ұлуын-ай.
Өксіп тұрып оның да тынуын-ай,
Махаббаттың көзінің жұмылуы-ай,
Жолаушының гүлімді жұлуын-ай.
Ойлап па едім болар деп мұны бұлай?!
Ерке қыздың ерсілеу қылығындай,
Көктеменің күнінің құбылуы-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter