Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.05.2022
103
Сағыныш
Мен сені енді меңді қыз,
Сүймейді десе ел сенбейді.
Сағынысамыз енді біз,
Сағыныш от, ол сөнбейді.
Асық сен мейлі, алып ұш,
Қырларға көз тік гүл басқан.
Аралық емес сағыныш,
Құмарлық та емес, тым басқа.
Жалыну да емес, мұң да емес,
Қуаныш та емес, қайғы да,
Періште де емес, жын да емес,
Етпейді өлшем айды да.
Алыстан жеткен үні тым,
Шексіздікте оның өлшемі.
Сағынам сені күні, түн,
Білмеймін бірақ, мен соны!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter