Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.05.2022
105
Жүрек
Бұл жүрек...
Бәз біреуді сағынатын секілді,
Үлбіреп...
Іздегені табылатын секілді.
Күлді кеп...
Жын ұрғандай қағынатын секілді.
Бұлқынды,
Алқынды кеудеге сыймайтындай,
Күрсінді,
Бір дерті қинайтындай.
Бұл жүрек...
Сағы сынбасын деп,
Соқсын, тынбасын деп
Жұбатып жүрмін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter