Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.05.2022
118
Көкейіме қонбаған
Жылап күнді батырсада күлместен,
Тіршілігін шығарады кім естен.
Тігілуі сəнді-сəнсіз болсада,
Бар өзіңнің бастан өткен бір кестең.
Жариялап жүреді өмір қай бабын,
Бұза алмайсың кейде мұңның қаймағын.
Көз алдыңда шын күледі қанша адам,
Шын жылайды қанша адам,
Таба алмайсың байлауын.
Келгендер бар ыңғай бақыт жолында,
Кім біледі соры бар ма оныңда.
Қайран шындық кейде абайсыз шағылып,
Жүреді екен озбырлардың қолында.
Мүмкін мұным жетпеген ой кемелі,
Ойлағаным шығар ары, не бері.
Көзім көрсе жылап жүрген шындықты,
Шаң жұқтырмай аялағым келеді.
Бір ұл тілеп маған толғақ болды анам,
Шынымды айтпай неменеден қорғанам.
Болатыны мəңгі бақыт, мəңгі сор,
Менің мына көкейіме қонбаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter