Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  120


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сұлуды көрсең

Өртеніп от алып кетсе əр неден,
Кəртеймейді екен сүйекке сіңген əл деген.
Не деген сергек алдымда жүрген ағалар,
Ажарын қою сұлулықпенен əрлеген.
Қызықты күнді болар-ау демей қормаған,
Жүрегі жалын сезімнің ырқын қолдаған.
Ағалар сондай əдемі сидың адамы,
Думансыз үйге ат байлап бір күн қонбаған.
Аялап кетем жүрегін нəзік жаралған,
Қуанып жүріп жəне де мұңы жаралған.
Жасарып жүрген өз жанын өзі жанып ап,
Жатыр-ау талай алаулап жатқан жəне арман.
Қарашы көзі қырандай жанып қарауын,
Құмартып тұрып қарауда мерей қарағым.
Көркем бер түр-өң көңілдің көркі адамға,
Сұлуды көрсең талғанша қара қабағың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу