Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  108


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ел болмаса

Қарыздармын қасиетті ел саған,
Қайтарамын мына жаным болса аман.
Бір күн қуып жету үшін бəрінде,
Арғымағым арманыма ер салам.
Ойлар салып көкейімде тұр қамың,
Қамшылайды бір ұлың болып туғаным.
Таудан асып, өзен кешіп сыр іздеп,
Аралайын орманыңды ну қалың.
Табанымды тасқа жанып бір намыс,
Үміт шамы бірде жақын, бірде алыс.
Халық берген қасиетті əсерден,
Тебіренем жол жүрсемде бір қарыс.
Арпалысыппын демалыста болмаған,
Өкініштің орны жатыр толмаған.
Сақталуы мұң ба шыбын жанымның,
Ел болмаса мен несіне толғанам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу