Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  152


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Айналып

Дауысым іңгəлаған сенде естіліп,
Былдырлап тілім шыққан сенде ес біліп.
Шиырлап сонан бергі жүрген жердің,
Көргем жоқ саған бірін теңдестіріп.
Болат сен қиялымнаң жебесінде,
Ол сен арманымның кемесінде.
Базарын бала күннің тарқатпаған,
Жүресің күнде гүл боп сен есімде.
Ешқайдан сенсіз бақыт таппағанмын,
Мақтансам өзіңді айтып мақтанамын.
Кеш мені туған ана топырағым,
Мойнымда борышың көп ақтамадым.
Тамаша қасиетін өр тұлғаңның,
Келмейді тамылжытып айтуға əлім.
Тау-дала, өзен-бұлақ, орманыңа,
Қарап ап өмір сырын қайта ұғамын.
Апарып жазбасамда күнге атыңды,
Жүрегім сезінеді қымбатыңды.
Бірі емен ойы шолақ олақтардың,
Таң атса ұмытатын күн батуды.
Үнінен боз торғайың, бұлбұлыңның,
Оянған, əн үйренген бір ұлыңмын.
Самалың сипаушы еді маңдайымнан,
Түбінде ақталады бұл ырымың.
Құрбылар, көз көргендер бəрі сенде,
Өтпейді кейде қадір таныс елге.
Ойласам бəрі сезім сенесің бе,
Айналып жауып жатыр жаным селге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу