Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  140


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Халқым барда

Қолдаған соң ақ батаң, ақ тілегің,
Өзенімде өркештеп ақты менің.
Қайраттанып қайраған қанжарың боп,
Қара тасқа шапсаңда қақ тілемін.
Жалғыз көрген бақыт, сор жан алдаған,
Сенен бөлек күш-қуат жаралмаған.
Сенде ғана керемет қасиет бар,
Сенен біттей айырылсам жараланам.
Демеп жүріп ұшырдың қанатымнан,
Қызғышың боп айналмай қалай тұрам.
Маған өлең, əн-күй боп жүрген сезім,
Шыққан сенің көкірек қабатыңнан.
Қорек алған шабақпын балдырыңнан,
Тал шыбықпын көктеген бай қырыңнан.
Бақытыңнан қуаныш жасын алып,
Қатуланып үйрендім қайғылыңнан.
Талабыңа не қылсам бағынамын,
Сенсіз əсте түспейді бағыма күн.
Менің қара басымның не қамы бар,
Халқым барда табады бəрі ұнамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу