Өлеңдер ✍️
Бір жүрекке көп ойдың жүгін артып
Соғылсамда қиынның жартасына,
Сынығымды көрсетпен жатқа сірə.
Орталатып көңілдің мұң қазанын,
Қолың тисе бір келіп қайт қасыма.
Таудай тосып тауқымет көлденеңі,
Көп жыл болды сағындық көрмегелі.
Өлмегеннің өзі үлкен бақыт екен,
Табар едік тұңғиық көрде нені.
Не кешпедік бұл жұмыр басымыздан,
Жан ашынып ойласам тасиды ұждан.
Сəл түседі иығың амал барма,
Құлап кетсе етекке тасың құздан.
Қалмағандай үміттен туылар түк,
Көрінбейтін көктемгі күн мұнартып.
Кемді жалғап кезеңге келдік əйтеуір,
Бір жүрекке көп ойдың жүгін артып.
Жөнеліппіз шыға сап шыңыраудан,
Қайта түзеп бір көштің жүгін ауған.
Байлауды үзіп жəй шапқан бəйге атындай,
Асықтырып келеді шұғыл арман.
Арқасында қомағай тіршіліктің,
Өлмейтінін көз көрді бір шындықтың.
Даналардың дарынын бермесеңде,
Құтын алма құдайым сыршылдықтың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter