Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  108


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Арманым ақсұңқарым

Арманым ақ сұңқарым қалықтаған,
Жете алмай кейде қанат талып барам.
Жетпеген қуғанына құрық салып,
Барма еді жігерімде бір жамандық.
Құлашын жаяр тұста жая алмаған,
Қорғанып ауыртудан жанды аяған.
Шабанның шандыр мінез бірімін бе,
Сезімі ұшып жүрмей жаяулаған.
Өмірде қалай-қалай сый тараған,
Ұғады өз жаны бір ынталы адам.
Ең қорлық жаныңды жеп озып келсең,
Маңдайдан біреу шығып сыйпамаған.
Түк қонбай күн өтті деп қолға мына,
Не бітер сен өкпелі болғаныңа.
Тасуда, тарығуда өзінде екен,
Адамның салып көрсем толғамына.
Арманым ақ сұңқарым қалықтаған,
Кейде таяп, кейде алыс қалып барам.
Жеткен жерде шығады таласта жоқ,
Сол таразы басында анық бағам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу