Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  200


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Алтын алтай

Арналар талай жырым тағы саған,
Жүргенде қылыш қанат шалғысы аман.
Əсерің маған берген тау ғана емес,
Шежіре бастап тұрған шал құсаған.
Шұрқырап бауырыңнан түлік өскен,
Алтынның адамыңа буы ілескен.
Ат басын ата-бабам тірегелі,
Кем қалған жер емессің бар үлестен.
Жұқпаған ақ басыңа жаттың кірі,
Өзіңсің мұзбалақтың нақ тұғыры.
Кетпейді құлағымнан сені айналып,
Қорғаған батырлардың ат дүбірі.
Келесің ақбас Алтай қар жамылып,
Тізетін сырларың көп маржан қылып.
Құлағын сан ғасырдың елеңдетер
Далаңнан оқ мұжыған əн жаңғырып.
Шалқыған алтын Алтай бақ-талабың,
Сенімен биік тұрып мақтанамын.
Қыдырып қырларыңа гүл ашылған,
Барайын көк жалатып ат табанын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу