Өлеңдер ✍️
Өзім қайық
Жарасада жанымның несі ілікке,
Керегі не естінің есірікке.
Əй, өмір-ай, кең қайыр құшағыңда,
Алшаң басып келеді не сілікпе.
Қасың болып кетседе ең үрейлі,
Жаныңды ұққан жасыққа телімейді.
Мен ойлаймын таразы өмір барда,
Құны ешқашан басымның кемімейді.
Тебіренбей түкке де, көңіл аумай,
Жаралыпты-ау қу жаным менің ондай.
Қайтіп ғұмыр кешеді кəперсіз жан,
Ізденетін керегі, кемі болмай.
Таңмын өмір жаралған заңдарыңа,
Бұлтың жақын жүрді кей заңғарыңа.
Кетер ме екен жүрегім тілімденіп,
Шырқыраған біреудің жан зарына.
Ойларымның тал қармап толқынында,
Айтатында боп жүрмін жоқты мұнда.
Лап-лап етіп жанғалы жүрегім тұр,
Жатқан жерін көсесең шоқтың мұнда.
Жақсылардың жасқаған сесі бір ес,
Не байлау бар жаманда шешу білмес.
Өмір-өзен болғанда өзім қайық,
Суға кетсем бұл кінəм кешірілмес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter