Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  130


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сенем

Таудан астым, тасты бастым су кештім,
Өмір өзің тербемесең жүрмеспін.
Талмас етіп талдырмаш бұл жанымды,
Күрестірдің талайымен күндестің.
Істегем жоқ көңіліме жаққанын,
Жаным менің адал істі жақтадың.
Кей сəттерде үстін басып шындықтың,
Бой көтерді жаман пиғыл жат таным.
Өзегіме мені аямай тепсе кім,
Шындық жақын тартады деп көп сендім.
Бірақ, бірақ кейбір сəтте ойсырап,
Қалмай жүрді табан тірер тепсеңім.
Сенесің бе бастан өткен мынаған,
Ұрылар кеп еңбегімді бұлаған.
Арашалап отқа түскен ұятты,
Таппай жүрдім ап шығатын бір адам.
Қам қылмадым қарабастың пайдасын,
Сынбасын деп бақтым шындық айнасын.
Болғанымен уақыттық көз таса,
Сендім шынды ешкім жеңе алмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу