Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.05.2022
112
Жаралған соң...
Жаралған соң көгеріп, көктегенге,
Қурап жүрсең өмірге өкпелеме.
Алаулаған бір көктем болғаны артық,
Аз береме, жемісін көп береме.
Арманым боп келеді жастан бəрі,
Көктем болып бір жаздың басталғаны.
Не береді жүрегі суық жандар,
Жек көремін мен оны қастанда ары.
Арманыма аспандап құлаш ұрам,
Құшағында көктемнің гүл ашылған.
Тірлігіме өшпейтін бояу алып,
Жаңбыр жуған жотаның қынасынан.
Қайта келмес бір соғып өткен екпін,
Көктем бірі мезгілде төрт бөлектің.
Аумағы гүл даладай ірік-ірік етіп,
Шуағына төсті ашып көктемекпін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter