Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  138


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қаңбақ

Көктемде өсіп тұрған оп-орнықты,
Өзінен жоқтай болып өте мықты.
Ал күзде тамырынан қопарылып,
Басына жынды құйын көтеріпті.
Қаншалық қалқайсада ол қиынданып,
Барады бағдары жоқ құйынға ағып.
Жанына табады енді қайдан пана,
Білмеген өзінің жай-күйін анық.
Түксиген түрі шөптен бөтен еді,
Не керек аз күн қызық өтегені.
Жаз бойы танымады, табалады,
Бірге өскен изен, жусан, бетегені.
Ықтарда құйыннан соң ұйлығысқан,
Сүйреткен маңын былғап құйрығы шаң,
Қаңбақтай тірлік кешіп керегі не,
Үп етсе дəрмені жоқ құйынға ұшқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу