Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  128


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Өмір-өмір

Өмір-өмір қайнаған қан базарсың,
Біреу жырғап, біреу тартқан жазасын.
Дүниені пəктік жеңіп болғанша,
Құшағыңнан сұмдық қайтіп тазарсын.
Өмір сенен таяқ жеген пендеміз,
Ойнайтұғын сен емессің жеңгеміз.
Бəріне айғақ болады ертең өшпейтін,
Біздің асып келе жатқан белдегі із.
Арман жатыр əлі алыста мен іздер,
Боспайды оған өз көңілі сезімдер.
Адалға бер берсең асыл мінезді,
Ей, Асқартау! Түбі терең теңіздер.
─ 83 ─
Адам десек санасы бар ең мықты,
Солар бұзып бара жатқан теңдікті.
О, табиғат қалдырыпсың өзіңе,
Биіктік пен тереңдікті, кеңдікті.
Ақ-қарасы араласқан тіршілік,
Айырады соны барып бір шындық.
Кісіліктің белгісі анық ол да бір,
Маңдай термен тұрмыс кешу құлшынып.
Өмір əсте ойнамаймын сенімен,
Ешкімді де асырмайсың шегінен.
Көңілдегі кірмен дақты жуатын,
Сенде туған сезімдердің селімен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу