Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  470


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Көршілер

Тілейтін жатсам-тұрсам көпшіл едім,
Мал-басын аман бол деп көршілердің.
Алдына дастарқанмен қоса жайып,
Құнарлы құт көңілдің кең сілемін.
Көршің кеп сығаласа жабығыңнан,
Мың артық қарсы шапқан жауың мұнан.
Кейде дəм қосады екен жөнсізге ірге,
Секілді онан басқа жан құрыған.
Іргеңнен құйын соқса ақ шаңдатып,
Жаман ат шығады екен аспанға тік.
Осындай күйелі ағаш көршілерден,
Бетіңнің арын сақтап қашқанда артық.
Жолықсаң сыйламасқа кісі бетін,
Көңілге болады екен кір сіңетін.
Көтермей жаның қатты қиналады,
Тартқандай уытты бір ісік дертін.
Шашатын таңыңда арай, кешіңде арай,
О, қайран сыйласымды көршілер-ай.
Тілеулес өміріңе солармен бір,
Қонбасын көк жайлауға көшің қалай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу