Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  185


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Кешірмейді...

Бала күннен талпынған қиялға алып,
Барады əттең жетпей құз-қиам қалып.
Ашық күнде адасып жүргенімді,
Кешірмейді ұшырған ұям қалық.
Сыйы да алтын, өмірдің сыны да алтын,
Сүйеді оны жүрегі сырды ұғатын.
Қашып келем желғабыз атақтардан,
Еттен өтіп сүйекті сындыратын.
Қуандырсаң айтылар сонда мұңым,
Қарап өттім қамаған сорға қырын.
Толғағы ащы өлеңдер төл белгісі,
Неше толып неше рет солғанымның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу