Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.05.2022
137
Сыр іздесең жанымнан
Отын басып көзіңнің,
Маған неге қыйылдың.
Сыйқырлығы ол сезімнің,
Құй ұғынба, құй ұғын.
Толқый қалған ойыңды,
Білді жаным сүйінгіш.
Ширатып ап бойымды,
Алды бəрін түйіп іш.
Тұтқыны боп көзіңнің,
Соқпады жүрек бұлқына.
Алып қашпа сезімнің,
Көнбеді ақыл ырқына.
Бар екен-ау бір мінің,
Болдың ба əлде жаңылған.
Ары таза құрбыңмын,
Сыр іздесең жанымнан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter