Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.05.2022
197
Арнау
Иманғали Нұрғалиұлы
немерелі болды деп естігенде
Анадан асыл туылған
Атасы сұңқар болғасын.
Қазан ат шығар құлыннан
негізі тұлпар болғасын.
Артық туған мың ұлдан
Нұрғали ағам – ол да шың.
Ақылы дария бұрыннан
Ділда апаң анаң болғасың,
сұңғыла болдың жасыңнан,
сөзде де, істе жорғасың.
Періштелер сипап басыңнан,
аруақтар сені қолдасын!
Зымырап-зулап заман да
ұқсайды жүрдек кемеге,
Жап-жас ең менің санамда –
Ата болды дей ме, немене?!
Бұл дүниеде адамға
ең тəтті тірлік – немере!
Жастарға қамқор аға едің,
жасамыстарға пана едің,
құрбы-құрдасқа сəн едің,
өнерлілерге нəр едің –
Құт болсын Ата болғаның,
жайқала берсін орманың,
алғысқа-нұрға бөленіп,
аман-сау жүрші, Қорғаным!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter