Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.05.2022
178
Қыран ақын
Жұбан Молдағалиевқа
Ел көгін жапқан кезде мұнара түн,
адам аз тура қарап тұра алатын.
Қазақтар орыс болсақ деп жүргенде,
жар салды «Қазақпын» деп Жұбан ақын.
Дидарын бұлт қаптамай тұра ма күн,
мұндайда сұңғылалар сыналатын.
Көсемін Компартия сынаймын деп,
мансабын мансұқ еткен Жұбан ақын.
Баптаса ол жарқын жырдың құлан атын,
жалтақтап тік қарамай, бұғады əкім.
Қиналсам, көк аспанға көз қадаймын,
жебер деп аруағымен Жұбан ақын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter