Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.05.2022
142
Шымшық
Басқа үйге де қонады,
жатсынбайды неге деп.
Ұйқысы да қанады,
түстер көріп керемет.
Жаңбыр қандай бүгінгі –
дəн жауып тұр. О неден?
Естисіз бе дүбірді –
тас төккендей төбеден.
Шымшық отыр шерменде,
басып алып құлағын:
«Дəн тізеден келгенде,
мен орнымнан тұрамын».
Жаңбыр бірақ тоқтар ма –
тасырлап тұр. Қарқынды-ақ.
Дəн төгілді бақтарға
мөлдір мұздай жалтылдап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter