Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  116


Автор: Фариза Оңғарсынова

Мотороллер

Соған мінгім келеді,
зулап жүргім келеді.
Тіпті үшеуін алар ем:
мектебіме – бірімен
ə дегенше барар ем;
екіншімен – күнімен
талай сайран салар ем;
үшіншіні мектептен
үйге мініп қайтар ем.
Мама, сатып ал маған,
ұстап көріп байқар ем.
Бұзып өзін ақтарып,
жасар едім қайта мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу