Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  260


Автор: Фариза Оңғарсынова

Перзент сөзі

Əкем – менің тəңірім, пайғамбарым,
ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
біліп алған, япыр-ау, қайдан бəрін?!
Күшті де жоқ дəл ондай жер бетінде,
сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана сол ғана. Асығамын
əкеме ұқсап тезірек ержетуге.
Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
көріскенде қуаныш шашты денем.
Əкеме ұқсап əжемді қадірлеймін,
анашымды əкемше жақсы көрем.
Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
хандардың да қалпағын əпермедім.
Əділ шешім айтатын барлық істе
біздің үйде бас қазы – əкем менің.
Əкем барда, арқам кең, жоқ алаңым,
бəрі орнында: шаруаң, қора, малың.
Төрт жағымыз құбыла. Мен өскенде
қиындау-ау əкемдей бола аларым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу