Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
146
Ұстазыма
Жазу білген балаға
қарайтынмын қызығып.
«Хат жазшы, – деп, – ағама»,
баратынмын жүгіріп.
Кітаптарды қолға алып,
үңілетін едім мен.
Оқи алмай қорланып,
түңілетін едім мен.
Хат та жазам ал, міне,
жалынбаймын ешкімге.
Оқып берсем əңгіме,
əжем құштар естуге.
Жақсы оқуды үлгі еткен
бала бол деп тіл алғыш,
Бəрін маған үйреткен
ұстазыма мың алғыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter