Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
227

Мен
Халқымыздың сенімі,
жақсылардың серігі –
күрестерде шыныққан
ағаларға мен іні.
Əнмен алға аттаған,
ар-намысты сатпаған.
Жеткіншегім менің деп,
ағаларым мақтаған.
Туған елім – бай далам,
даламда еңбек қайнаған.
Ұланымын Отанның
қиындықтан таймаған.
Мен – елімнің күлкі, əні,
болашағы, нұр таңы,
ерліктерге бастаған
бабалардың ұрпағы –
ұланымын елімнің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter