Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
149
Ананың әлдиі
Мамық төсек салайын,
құшағыма алайын.
Қозым менің ұйықтасын,
арқасынан қағайын!
Бөпем менің қалғиды,
тербетті оны əн-жыры.
Бота, қозы, құлыншақ –
ұйықтап қалды барлығы.
Ай арбамен жетіпті,
Күн ұйқыға кетіпті.
Жұлдыз кіріп кетер деп,
қақпаларын бекітті.
Ормандар да қалғыды,
қорғандар да қалғыды,
сен де ұйықтап қала ғой,
анасының жан нұры!
Күнім ұйықтап қалыпты,
анасы əнге салыпты.
Ол түсінде ғажайып
ертек-елге барыпты.
Алтын алқа тағыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter