Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
158

Ақындар топырағы
Ақындарға нəр берген,
ұлы рухтар қуат берген, əл берген
қасиетті топырағы Иранның
көрсем деп ем, арманды ем –
енді, міне, тұңғыш рет мен бүгін
басып тұрмын жан-дəрмен.
О армысың, киелім,
иран бағым, ғашықтардың күйі едің.
Əулиелерге мінəжəт қып, алдыңда
шыр айналған басымды мен иемін!
Маған таныс жыр бағы,
ауа таныс, əуен таныс мұндағы,
естілгендей Хұсыраудың мұңды əні...
Жаным дертті – өзің емде, дəру бер,
ұлы Хафиз құндағы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇