Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
208
Қазақтың батырлары
Шетінен қайсар қылық, батыр қаған,
Елі үшін отқа күйіп лапылдаған,
жат біреу жау ниетпен жерін басса,
тымағын баса киіп тақымдаған,
о, менің батыр бабам!
Жанына қуат құйып жайсаң далам,
ханның да қаһарынан тайсалмаған,
көз ілмей жерін қорғап, елін қорғап,
тау асып, сай шарлаған,
о, менің батыр бабам!
Дауылды дариядай жатыр ғалам,
ғаламның сырын байқап ақын да алаң.
Тылсымда талмаусырап бара жатсам,
намыстың отын жағар атың маған,
о, менің батыр бабам!
Ірітсе іркітімді ірі заман,
кеш мені – үні майда, жыры жалаң!
Күбірлеп əруағыңа сыйынам да,
қаныма атой салар жылу алам,
о, менің батыр бабам!
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
ізі мен оғы жатыр тақырда əлі –
Уақыттың дауылында ұрпағына
елдіктің жолын сілтеп жатыр бəрі –
казақтың батырлары!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter