Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
302
Өмір - сен
Балалық шақтың əнімен,
балауса, балғын сəнімен
ертегілердің елінен
еркелей басып келіп ем.
Өмірдің көркем бағынан
өзіңді көрсем, жаным-əн!
Бөлеп ең мені бақытқа,
сол күндерімді сағынам.
Қайырмасы:
А-хау, сол бір күндер-ай,
сағындың ба өзің де...
Жалғыз сенсің – өмірде,
жалғыз сенсің – көңілде.
Жалғыз сен ғана жалғанда
бастайтын мені таңдарға!
Жанымда болса екен деп,
оранам аппақ арманға.
Қуаныш шашшы көңілге
түсімде жəне өңімде!
Ғашық боп, жаным, жүрмін мен
сен бар деп мынау өмірге!
Қайырмасы:
А-хау, сол бір күндер-ай,
сағындың ба өзің де...
Жалғыз сенсің – өмірде,
жалғыз сенсің – көңілде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter