Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  293


Автор: Фариза Оңғарсынова

Мақат түні

Ақ сезім – ақ жаңбырға малындырған,
сен десе, арылады жаным мұңнан.
Жүрекке нəр құятын, əн құятын
Мақаттың сол бір түні-ай сағындырған!
Қайырмасы:
Бауырым, аға, құрбым,
сендерсің қауырсыны қанатымның.
Достарымды, Доссорымды
қия алмай аттанып баратырмын.
Жанарлар жарқ еткенде жан ұғысқан,
көңілім қимастарға алып-ұшқан.
Бүр атқан ақ қайыңдай, адам деген
жасарып кетеді екен сағыныштан.
Қайырмасы.
«Байбақты», «Қыз əулие» жаны жақын –
жебеушім қиналғанда табынатын.
Шіркін-ай, қандай жақсы дүниеде
адамдар бар болғаны сағынатын!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу