Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
369
Атырау әнім
Атырау – арқа сүйер тірегімдей,
көңілі, құшағы ыстық Күн еліндей.
Қос құрлық қол созады бір-біріне
табысқан ғашықтардың жүрегіндей.
Қайырмасы:
Алтындай таңдары,
ақ айдын жан-жағы,
көгінде əн қалқыған,
күй шалқыған,
сəн беріп өмірге,
нəр беріп көңілге,
шырқатқан ақын жанын
Атырауым!
Қызғалдақ қыздар қандай жыр-жүрегі,
жалт еткен жанарынан күн күледі.
Жігітке серік болған, көрік болған
қыпша бел Қыз Жібектің сіңлілері!
Қайырмасы.
Көңілі кең даладай адамдары,
қарайды бауырындай саған бəрі.
Жайықта дəл осындай бір қала бар,
жаныма қуат берер əн-арманы!
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter