Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  696


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жеңгелер

Жаныма жаны жақын ағадан да,
сырды ұғар қабағымнан қарағанда.
Əзілдеп, ақтарылып, еркелетіп,
сендердей ешкім мені бағалар ма?!
Қайырмасы:
Жығылсам, дем берерім,
ауылда, елде менің
тілейтін тілеуімді
қашанда сендер едің,
аяулы жеңгелерім!
Тербелсе əр отаудың ақ құндағы,
өздерің береке мен бақ құндағы.
Сендер ме деп қараймын
қасиетті
даламның киесіндей аққулары.
Қайырмасы.
Нұрланып қабағыңмен дала күні,
өседі өздеріңмен аға құны.
Сендердің ақылыңсыз ағалардың
жетіспей қалатындай даналығы!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу