Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
194

Шығыстағы ару қыз
Жаралған ба ақ сезім, таңнан-нұрдан,
көрген адам қиялдай арман қылған,
бір ару бар Шығыста Тұрсынайдай,
өнерімен əлемді таңдандырған.
Қайырмасы:
Балғын дене, гүл шырай,
мүсінінің мінсізі-ай!
Шуақ шашқан Шығыстан
таңғы нəзік нұрсың-ай,
айналайын Тұрсынай!
Шыға келсе жарқ етіп, таң атқандай,
демің тартып қарайсың тағат қалмай.
Əр қимылы – əсем əн, əуезді ырғақ,
аққу жүзіп айдында баратқандай.
Қайырмасы.
Көзі қандай – еліктің жанарындай,
белі қандай – өріктің сабағындай!
Алма мойын, ай қабақ, ақша маңдай –
көріп пе едің сұлуды дара мұндай?!
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter