Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.05.2022
134
Жан көктемі
Бал сезім баурап алды бүгін мені,
нұр шашып Күн де маған күлімдеді.
Дүние таңғажайып əнге айналып,
тұрғандай жүрегім де жүгіргелі.
Қайырмасы:
Келді ме жан көктемі –
құлпырды тау бөктері,
тербетті əн боп мені!
Жан көктемі,
нұрлы асқарға,
жұлдызды аспанға
самғат мені!
Əнімді ұғын сен де, кел, ардағым,
жанымның жалын күшін жеңе алмадым,
көрмеген көгілдір бір алыстарға
жетелеп бара жатыр мені арманым!
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter