Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  124


Автор: Фариза Оңғарсынова

Сені іздедім

Жанымда сен жүргенде
дүниеден табылғандай ең керегім,
шаттықтың толқынында тербелемін.
Адамдар армандайтын бақыт деген
сен бе дедім.
Қайырмасы:
Өзіңменен
жүрегім егіз менің,
төзім жеген
түндерде көз ілмедім,
жанартау – сезімдерім,
теңіз – демім,
жанымнан сені іздедім,
жаным-ау, сені іздедім!
Жəннаттай көрінгенмен,
жайлауда сəн болмайды ел қонбаса,
жардың да қызығы жоқ тең болмаса.
Өмірден бар сұлулық көшетіндей
жанымда сен болмасаң.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу